Қоғам

Елордалықтар әуежайда чемпиондарды қарсы алды

Астананың халықаралық әуежайында 2025 жылғы Азия ойындарының чемпиондары –  шорт-тректен Қазақстанның ерлер құрамасын қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Чемпиондар қатарында –  ҚР ІІМ Ұлттық ұланы спорттық командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжғалиев та бар.

Әуежай перронында спортшыларды туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, Ұлттық ұлан басшылығы, сондай-ақ Астана қаласының спорт және туризм басқармасының өкілдері күтіп алды. Кездесу ерекше жылы атмосферада өтті, қол шапалақтар, құттықтаулар мен алғыс сөздері естілді.

Абзал Әжғалиев пен оның командаластары – Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Айбек Насен тарихи жетістікке қол жеткізіп, Жапония мен Қытайдың фавориттерін басып озды. Ал бұл спорт түрінде дәстүрлі түрде үстемдік ететін Оңтүстік Корея ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетіліп, жүлдеден тыс қалды.

Журналистерге берген сұхбатында Абзал Әжғалиев бұл жеңістің көп жылғы еңбектің және жанкүйерлер қолдауының жемісі екенін атап өтті.

— Бұл жарыс оңай болмайтынын білдік, бірақ команда бар күшін салып, ең жоғары нәтижеге ұмтылды. Қазақстан алғаш рет Азия ойындарында шорт-тректен “алтын” алды! Бұл – үлкен мақтаныш! – деді чемпион.

ҚР Ұлттық ұланы өз спортшысымен ерекше мақтанатынын білдірді. Ол тек елдің атын асқақтатып қана қоймай, өзінің табандылығы мен жетістігі арқылы жастарға үлгі болуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button