ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Елордалық әкімдікте энергетика кешенінің күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстары пысықталды

Қалалық әкімдікте құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

010

Алдымен Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев мәслихат депутаттарына елорданы жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың кезекті маусымға дайындығын баяндады. Оның айтуынша, Астана қаласын жылумен ЖЭС-1, ЖЭС-2 және «Астана-Энергия» АҚ аудандық қазандықтары қамтамасыз етеді. Бүгінде аталмыш кәсіпорындар негізгі және қосалқы құрал-саймандары бекітілген кес­теге сәйкес жөндеу жұмыстарынан өткен.
– Елордада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған 2455 әлеуметтік нысан бар. Оған 2146 тұрғын үй, 28 денсаулық сақтау, 152 білім нысаны және 9 мәдениет мекемесі кіреді. 2016-2017 жылдары жылыту маусымы басталғанша, энергокешен толықтай дайындық төлқұжатын алады, ал әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер 100 пайыз дайын болады, – дейді Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.
Жиында Есіл, Сарыарқа және Алматы ауданы әкімдерінің орынбасарлары да өздеріне тиесілі аумақтағы дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button