Қоғам

Елордалық Аналар кеңесі ұлттық тағамдардың мәнін түсіндірді

Наурыз мерекесі аясында қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары туралы айтылып, олардың дайындалу тәсілдерімен Аналар кеңесінің мүшелері бөлісті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Солардың бірі – үлпершек.Үлпершек – қазақ дастарқанындағы ерекше тағамдардың бірі. Ол төркіндеп келген қызға арналған, ананың махаббатын білдіретін символдық тағам ретінде дайындалады.

«Негізі бұл – ұмыт болған тағам. Себебі қазіргі отбасылар оны әзірлемейді. Мына кішкентай жүректен сондай үлкен мағыналы тағам дайындаған. Ол үлпершек деп аталады. Үлпершекті дайындағанда біз төркіндеп келген қызымызға «Сен алыста болсаң да, бәрібір біздің жүрегіміздесің» деп қарсы алып, тағамды ұсынамыз», – деді Астана қаласы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тайбергенова.

Оны әзірлеу үшін жылқы немесе қойдың жүрегі, қойдың іш майы, пияз және дәмдеуіштер қажет. Алдымен жүректі тазалап, іш майды немесе етті ұсақтап турайды. Кейін дәмдеуіштер қосылып, сорпада қайнатылады.

«Ана қызына махаббатын осы тағам арқылы білдірген. Сондықтан әрқашан қызыма «Жаным, үлпершек дайын болады. Келе ғой» деп қарсы аламын. Әр отбасыға шуақты болып келген Наурыз құтты болсын!», – деді кеңес төрайымы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button