Елорда тынысы

Елордалық балаларға бокстан шеберлік сабақ өткізілді

Елорданың Байқоңыр ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп «Өндіріс» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорт шеберханаларын, арқан тарту және асық ату ұлттық ойындарын өткізді, оңалту гимнастикасы бойынша жаттығулар көрсетті.

«Бүгінгі іс-шара балаларға спортпен шұғылданудың маңыздылығын көрсетті. Шеберлік сабақ, аға буынмен түрлі ойындар біздің жас жігіттер үшін дұрыс үлгі көрсетті. Балаларға арналған дайындалған сыйлықтар салауатты өмір салтына түрткі болады», — деді ауданның әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Іс-шараға 82 жастағы спорт шебері және бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айсұлтан Жақыпбек қатысты. Ол балаларға бокс шеберханасы мен жаттығу сабағын өткізді.

Мереке соңында Байқоңыр ауданының әкімдігі балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button