Мәдениет

Елордалық балуан – Азия чемпионы

Таиланд астанасында дзюдодан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Ерболат Сыздық чемпион атанды.

[smartslider3 slider=3538]

 Төрт күнге созылған құрлық чемпионатына Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысында қазақстандық жасөспірімдер төрт алтын, үш күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Ал 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен елордалық Ерболат Сыздық барлық қарсыласынан айласын асыра білді. Жас балуан жарыстың екінші күнінде алдына жан салмады. Ол бұған дейін де дзюдодан ел чемпионаттары мен әлемдік жарыстарда жүлдегер атанып, елордамыздың мерейін асырған болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button