Қоғам

Елордалық еріктілер қар тазалау акциясын қолдады

Елордалық еріктілер қар тазалау акциясын қолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аудан әкімдігімен мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Мысалы, қысқы кезеңде жалғызбасты қарт адамдар мен көп балалы аналардың аулаларында қар тазалау бойынша акциялар үнемі өткізіліп тұрады.

Осындай акциялардың бірін бүгін Үркер тұрғын алабының тұрғыны, 9 бала тәрбиелеп отырған Гүлім Рахметованың үйінде ұйымдастырды. Кәсіптік-техникалық колледж студенттерінің арасынан шыққан еріктілер ауланы қардан тазартып, көмірді жинап кіргізуге көмектесті.

Көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау – бұл ортақ жауапкершілік және әр адас өз үлесін қоса алады. Аудан әкімдігі мұндай акцияларды апта сайын өткізеді және барлық ниет білдірушілерді еріктілер ретінде қосылуға шақырады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button