Спорт

Елордалық ескекші ерледі

Таиландтың «Паттайя» жағажайында жастар арасында ескек есуден өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті. Екі бұрылмалы айналым бойынша Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников мәреге бірінші келсе, елордалық спортшы Медина Конурбаева төрт бұрылмалы айналым бойынша үздік үштіктен көрінді.

Чемпион рухты спортшыларды Астана-1 теміржол вокзалынан туған-туысқандары және спорт саласының бірқатар өкілі ыстық ықыласпен қарсы алды.

Жүлдегер Медина Конурбаева: «Нәтижені жақсарту үшін жаттығуды жүйелеп, еңбекпен ұштай түсеміз. Мақсат – байрақты бәсекелерде елдің намысын ла­йықты қорғау, – деп алдағы мақсат-мұратымен бөлісті.

Азия чемпионатына Вьетнам, Қытай, Үндістан, Гонконг, Иран, Жапония, Өзбекстан, Тайпей, Индонезия, Таиланд, Ирак, Корея, Сауд Арабиясы, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка және Сомали елінің жас спортшылары қатысты. Олар алты күн бойы жекелей сында және командалық топта бағын сынады.

Қазақстан құрамасы атынан 24 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары табысты өнер көрсетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button