Sport

Елордалық каратэшілер Азия чемпионатына қатысады

Астаналық екі спортшы Әлішер мен Біржан Қабдоллаевтар маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Ақтауда өткен каратэ-додан Қазақстан Республикасының чемпионатының алтын жүлдегерлері атанды. Жеңімпаздар Қазақстан құрамасының сапында қараша айында Индонезия да өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Әлішер мен Біржан Қабдоллаевтар Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға бапкер Мейрамгүл Дукуеваның жетекшілігімен жаттығады. Бапкердің айтуынша, балалар жеңіске жету жолында табандылық танытқан.

– Әлішер 8 жасынан жаттығып жүр, қазір ол 19-да. Ол 18-20 жас санатында 60 кг дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша топ жарды. 15 жасында республика чемпионатының жүлдегері және чемпионы болған, ал биыл республикалық құрамамен бірге Азия чемпионатына барады, – дейді Мейрамгүл Дукуева.

Біржан Қабдоллаев 16-17 жас санатында ката бағдарламасында алтын алды. Ол да еліміздің құрама командасымен Азия чемпионатында бағын сынайтын болады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button