Елорда тынысы

Елордалық өрт сөндіруші UWW грэпплинг турнирінде жеңіске жетті

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №17 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Баққуар Хамзе UWW Грэпплинг турнирінде (No Gi) чемпиондық белбеуге ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордада 3-4 тамыз аралығында өткен Astana grappling cup ашық турниріне 100-ге жуық адам қатысты. Онда тек қазақстандық жауынгерлер ғана емес, Бразилия сияқты басқа елдерден де келгендер  мықтылар атағы үшін күресті.

Хамзе Баққуар – джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР Спорт шебері. Джиу-джитсудан ұлттық құраманың мүшесі, Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан кубогының чемпионы.  Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері. Джиу-джитсудан 2 дүркін әлем чемпионы. Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері, кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button