Жаңалықтар

Елордалық оқушылар Мәскеуден олжалы оралды

olimp-v-moskve-2

Астаналық оқушылар Мәскеуде өткен Мегаполис олимпиадасында жақсы нәтижеге қол жеткізді. 4-9 қыркүйек аралығында өткен шығармашылық бәйгеге 20-дан астам елдің оқушылары қатысқан.

Жас дарындар жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша өзара бақ сынасып, білімдерін дәлелдеді. Мектеп оқушылары химия, физика, математика және информатика пәндері бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

olimp-v-moskve

Жарыс қорытындысы бойынша  Санжар Бидайбек ( информатика, ҚТЛ) алтын медаль, Кемел Нұрдәулет (физика, «НұрОрда» лицейі),  Хомар Шыңғыс (химия, «НұрОрда» лицейі), Құдайбергенов Әлихан (математика, ҚТЛ), Омаров Рауан (информатика, ҚТЛ) күміс медальді,  Тәжібеков Төрехан (математика, ҚТЛ) қола медальді қанжығасына байлады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button