Қоғам

Елордалық оқушы – халықаралық ғылыми олимпиада жүлдегері

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.

Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button