Ел тынысы

Елордалық оқушылар әлем чемпионатына барады

Астаналық ұлдар және қыздар командасы волейболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен жүлдемен оралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Республикалық Мектеп спорт федерациясының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 20-24 ақпан аралығында Астана қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында ( U18) әлем чемпионатына іріктеу кезең өтті.

Чемпионатқа 8 команда қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркелесідей ретпен орналасты.

Ұлдар арасында:
I орын Астана қаласы
Il орын Маңғыстау облысы
Ill орын Атырау облысы

Қыздар арасында:
I орын Астана қаласы
Il орын Маңғыстау облысы
Ill орын Ақмола облысы

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде l, ll орын алған командаларға сәуір айында Сербия мемлекеті Белград қаласында өтетін әлем чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button