Әлеумет

Елордалық орталықта ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті

Наурыз мейрамының қарсаңында Астананың Паралимпиадалық дайындық орталығында спорт пен ұлттық дәстүрді үйлестіре отырып, ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Фестиваль қонақтары үшін спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. 180-ге жуық қатысушы арқан тартыс, бес асық, асық ату және тоғызқұмалақтан бақ сынады.

Іс-шара барысында дәстүрлі әндер шырқалып, мерекелік концерт қойылды.

Спортшылар мен белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Осы орталыққа келіп жүргеніме екі ай болдым, бүгін де кезекті жаттығуға келіп едім, көктемнің нағыз мерекесіне тап болдым. Маған барлығы қатты ұнады, енді үйіме жақсы көңіл-күймен қайтып барамын», – дейді Шолпан Жақыпова.

Ұйымдастырушылар Наурыз мейрамын тойлауды жыл сайынғы игі дәстүрге айналдыруға тырысатындарын атап өтті.

«Наурыз – бірліктің, жаңарудың, игі дәстүрдің мерекесі. Жыл сайын біз оны Паралимпиадалық дайындық орталығында атап өтеміз. Біз үшін бұл орталық жаттығу алаңы ғана емес, достық, жылы қарым-қатынас пен шабыт беретін ерекше орталық болғаны маңызды. Бүгінгі мереке спортшылардың, жаттықтырушылардың және қонақтардың басын қосып, қуаныш пен көктемгі көңіл-күй сыйлайды. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!» — деп атап өтті «Паралимпиадалық дайындық орталығы» қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button