Жаңалықтар

Елордалық полиция қызметкерлері Спорт күніне орай доп тепті

«Астана Арена» стадионында Спорт күніне орай футболдан жолдастық кездесу өтті.

0

Жасыл алаңға Астана қаласының ІІД мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының футбол құрама командалары шықты. Матчтың әр таймы 30 минуттан тұрды.

Кездесудің 8-ші минутында ІІД құрамасы есеп ашты. Екінші гол оң қапталдан келген доптан соғылды. Екі бірдей голдың авторы – Криминалдық полиция басқармасының полиция капитаны Еркебұлан Бекежанов. Осы нәтижемен ол үздік шабуылшы ретінде көзге түсті.

«Полиция қызметкерлері жұмыстың қиындығына қарамастан спортпен айналысуға уақыт табады. Спорт күніне орай, футболдан кездесу өткізу жақсы дәстүрге айналып келе жатыр. Біз әдетте қалалық жарыстардан қалмай, қатысып тұрамыз. Жақында 8 команда ойнаған турнирде екінші орынды еншіледік», – деді команда капитаны Нұрлан Дүйсенғалиев.

Жарыста үздік қорғаушы ретінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының құрама ойыншысы Владимир Глевич марапатталды. Ал ІІД құрамасының ойыншысы Қуаныш Жандыбаев үздік қақпашы атанды.

 

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button