Қоғам

Елордалық қонақ үй қызметкерлері марапатталды

Kazakh Tourism елордалық қонақ үй қызметкерлерін сервис пен қонақжайлылықтың жоғары деңгейі үшін марапаттады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұған дейін Астанадағы The Ritz-Carlton тоқтаған шетелдік турист қызметкерлердің сервис сапасы мен әрбір клиентке деген қамқорлығын ерекше таңданысын білдірген. Kazakh Tourism басшысы қонақ үйдің мамандарын өз ісіне адалдығы мен қонақжайлылық индустриясының дамуына қосқан үлесі үшін марапаттады.

Қонақ ұй қызметкерлері өздерінің қонақжайлығымен туристерге Қазақстанда болудың оң тәжірибесін қамтамасыз етеді. Айсан Муратбекке, Диас Иссабековке, Wayan Suarini және Дана Жасароваға алғыс хаттар және «Туризм көшбасшылығы академиясы» курсына шақыру табысталды. Қонақүй қызметкерлері Kazakh Tourism ұйымдастырған оқу бағдарламасында өз білімдері мен кәсіби дағдыларын шыңдай алады.

«Мен де өз мансабымды ресепшнда бастаған едім. Біз өз еңбегімен және кәсібилігімен қазақстандық қонақжайлылықтың жоғары деңгейін көрсететін осындай қызметкерлерді мақтан тұтамыз. Бұл – Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде дамыту жолындағы маңызды қадам. Біздің мамандар – туристік индустрияның басты құндылығы және туристер үшін бірегей әсерлер қалыптастырады», — деді Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button