Қоғам

Елордалық құрылысшылар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов­тiң жетекшілігімен елордалық құрылыс бригадасы апаттан кейінгі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу 17 секторға бөлінген болатын. Нұр-Сұлтан қаласына 9 сектор бекітілген. Бұл секторға барлығы 700-ге жуық бүлінген үй кiрдi, оның ішінде екі 4 қабатты, 58 екі қабатты, бір екі қабатты және толығымен бұзылған дүкен бар. Бұзылған нысандар аумағына күркелер орнатылып, онда 15 құрылыс бригадасы, энергетиктер тобы, шаруашылық бригадасы, учаскелерге, тамақтануға, материалдар жеткізуге, шаруашылық және тұрмыстық мәселелерге жауапты мамандар жұмыс iстеп жатыр. Құрылысшылар ерте оянады. Атап айт­қанда, таңғы 5-тен бас­тап, кешкі 20.30-ға дейін жұмыс жүргізіледі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button