Елорда тынысы

Елордалық құтқарушы Сібір халықаралық марафонына қатысты

Астана қаласы ТЖД қызметкері Жұмекешов Азамат Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) Сібір халықаралық марафон-2024 (SIM) жүгіріп өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сібір халықаралық марафоны – бұл Бүкілресейлік және халықаралық күнтізбелерге енгізілген ресми жарыс, халықаралық деңгейдегі ірі спорттық-мәдени іс-шара. Биыл 42,2 км марафондық арақашықтық аясында Ресей кубогы өтті, бұл өз кезегінде осы спорттық іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін растайды.

Марафон 3 тамызда өтті, оған әлемнің 9 елінен 5,6 мың адам қатысты. Азамат Жұмекешов марафонда Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан ғана емес, еліміздің намысын қорғады. Ол орташа есеппен бір шақырымды 4 минут 36 секундта жүріп өтті. Бүкіл қашықтықты жүгіру үшін оған 3 сағат 22 минут 56 секунд қажет болды. Азамат жарыс қорытындысы бойынша 66-шы орынмен аяқтады, ол мәреге жеткен бірінші жүздікке кірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button