Қоғам

Елордалық құтқарушылар түсіндіру жұмысын жүргізуде

Елордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар тарата отырып, қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.

ТЖМ ата-аналардан қырағылықты арттыруды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Оқыс жағдайлардың алдын алудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

– үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін немесе оны мәңгілік мүгедек етіп жіберуі мүмкін;

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен есіктердің жанында ойнап отырған болса;

– тиісті қорғаныссыз москит торларын қолданбаңыз. Балалар оған сүйенемін деп құлап кетуі мүмкін;

– балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнатыңыз;

– бала терезенің алдына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button