Елордалық сантехник жауапты жұмысы туралы айтты

Елорда тұрғыны Абылай Шайханов 45 жылдан бері механизатор болып еңбек етіп келеді. Ол қазір «Дәулет» теннис орталығының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауапты. Маман өзінің қиын әрі маңызды жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Білімі бойынша Абылай Шайханов – слесарь құрал-сайманшы. Бұл мамандар оқу орындарында ірі өндірістік ұйымдарда жұмыс істеу үшін оқытылды, олардың кәсіби қызметі әртүрлі құрал-саймандар мен жабдықтарды жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету болып саналады.
Белгілі болғандай, кез келген ұйымда бөлмедегі температура сантехника маманының кәсібилігіне байланысты. Қыста жылы, жазда салқын болуы керек. Жабық теннис корттары да сол қатарда. Жаттығу процесі осы бөлмелердегі температураға байланысты.
Абылай Шайхановтың тәжірибесі мол, екі төтенше жағдайдың алдын алған.
Ол астаналық мейрамханалардың бірінде жұмыс істеп жүріп, кешкісін ғимаратты аралап жүргенінде қосалқы бөлмеден түтін шығып жатқанын байқаған. Есікті ашқанда алапат отты лаулап жатқанын көргенде бір минут та ойланбастан төтенше жағдайды тоқтатқан.
Сол сияқты 10 жыл бойы астаналық аквапаркте жұмыс істепті.
Аквапаркте қызмет ету кезінде ол бірнеше рет балаларды құтқарып қалған екен.
«Арасында демалып келгендердің қауіпсіздігін қадағалауымды өтінетін. Олардың ешқайсысы көз алдымнан кетпейді. Жауаптылығымның арқасында суға тұншығып жатқандарға дереу көмекке ұмтылатынмын. Бір сөзбен айтқанда, кез келген мамандық жауапкершілікті талап етеді. Егер сіз немқұрайлы болсаңыз, орны толмас қайғы болуы мүмкін. Күн сайын ауысым кезінде қазандықтардың жұмысын мұқият тексеремін, бекітілген аумақты аралаймын, өйткені мен жұмыс істейтін ұйымның өмірі менің қызметтік міндеттеріме деген көзқарасыма байланысты», – дейді механизатор.
Абылай Шайханов білікті, таптырмас мамандардың бірі, үйінде бір ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отағасы. Зейнетке шыққан соң немерелерін қарауды армандайды. Әрі өзінің сүйікті жұмысын да тастағысы келмейді.