Ел тынысы

Елордалық спортшы Эстонияда көркем гимнастикадан екінші орын алды

Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды. Биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста Астана қаласының спортшысы Айбота Ертайқызы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыға тұрақтады. Айта кетейік, «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты өтеді. 2020 жылдан бастап бұл жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button