Қоғам

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогында алтын жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).

Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button