Ел тынысы
Елордалық спортшылар – велотректен күміс жүлдегер

Астана спортшылары велотректен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Малайзияның Нилай қаласында велотректен Азия чемпионаты басталды. Биылғы құрлықтық додаға 16 елден 306 таңдаулы спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының үш спортшысы ересектер және жасөспірімдер арасында ел намысын қорғап жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық бәсекелер өтті. Нәтижесінде, жасөспірімдер құрамасы командалық спринт сайысында күміс жүлдеге ие болды. Бұл жетістікке Астана қаласының екі спортшысы – Аркадий Шемет пен Диас Базарбеков өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 ақпанда өз мәресіне жетеді.