Жаңалықтар

Елордалық үлескерлердің үйі үздіктірмейді

 Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік қатысу мәселелері бойынша ведом­ствоаралық  комиссияның  кезекті  отырысы өтті.

01

Жиында үлестік салаға байланысты өзекті мәселелер кеңірек қозғалды. Айталық, «АССМ-01» ЖШС нысаны бойынша компанияның бас директоры «Ақ Ерке-2» және «Алтын бұлақ» ТК құрылысын жалғастыру үшін қытайлық
инвесторлардан транштың түскенін жеткізді. Оның айтуынша, «Алтын бұ­лақ» ТК құрылысы 2017 жылдың ІІ тоқ­­санында, «Медина» тұрғын үй кешені алдағы 1 қазанға дейін, «Қорғалжын кварталы» 1 желтоқсанға дейін, «Ақ Ерке-2» 30 қазанға дейін аяқталмақ.
Сонымен бірге, құрылтайшының дер кезінде қаржыландырмауының салдарынан «Оберег» ЖШС-не тиесілі «Оберег» тұрғын үй кешенінің құрылысы баяу жүргізілуде. Жобалаушы компанияның мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін инженерлік желілер бойынша жоба «Мемлекеттік сараптама» РМК қарауына ұсынылады.
Сондай-ақ, «Араби-1», Араби-2», «Самал» ТК-не («Квартиры НС» ЖШС) қатысты комиссияның көмегімен жаңа салушы-инвестор анықталды.
«Араби-1» тұрғын үй кешенінің 80 пайызы дайын. Комиссия мүшелері үлес­керлерге «Араби-1» тұрғын үй кешені құрылысын бітіру және нысанды тапсыру үшін құрылған ТҚК пайдасына беру туралы сотқа талап-арыз беруді ұсынды.
Аталған комиссия жұмысының қоры­тындысы және оның ұсыныстары бойынша Астана қаласының әкімдігі «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің нысанын жобалауға рұқсат берді. Ал «Future Home Astana» тұрғын үй кешені және «Есіл ЭК» тұрғын үй кешені құрылысы жұмыс жобаларының сараптамасы болма­ғандықтан тоқтатылды. Қазіргі таңда оған қажетті сараптама келісімнен өткізілуде.
Комиссия отырысында қалада салынып жатқан әрбір құрылыс нысаны назардан тыс қалған жоқ. Жиында көтерілген мә­селе­лердің барлығы комиссияның бақылауында болмақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button