Ел тынысы

Елордалық велошабандоз Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Елордалық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов тректегі велоспорттан Азия Чемпионатында ізге түсуден командалық жарыста қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

4 шақырым қашықтықты ҚР ұлттық құрама командасы 4:03.129 уақытта өтіп шығып, құрлықтық біріншілікте Жапония мен Қытай командаларына ғана жол берді.

Астана қаласының тағы бір велошабандозы Дмитрий Резанов командалық спринтте 5-орынды иеленді.

Айта кетейік, 21-26 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button