Қоғам

ЖОО студенттері спорт лигасында топ жарды

Астана қаласында Студенттік спорт лигасының футзал мен волейболдан финалы өтті. 3 кезеңде өткізілген Студенттік спорт лигасының құрамында Еуразия ұлттық университетінің де студент жастары бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған жарыс бойынша аймақтық кезең ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін 6 дивизионда өткізіліп, іріктеу кезеңіне 105 жоғары оқу орындарынан 1200-ге жуық студент қатысып бақ сынады. Ал, республикалық кезеңге аймақтық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Осылайша «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан ENUTEAM командалары 8 спорт түрінен (үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол (әйелдер және ерлер), волейбол (әйелдер және ерлер), футзал (әйелдер және ерлер), жүзуден аймақтық кезінінің жеңімпазы атанды.

–Иә, республиканың әр өңірінен келген өзіміз сияқты жастармен жарыс алаңында кездесу біз үшін үлкен тәжірибе мен өзара білім алмасу болғаны қуантады.

Басты жеңісіміз де сол. Басқа университеттерден келген студенттермен жарысқа ғана түскен жоқпыз. Олармен әңгімелесіп, достасып, біріміздің жетпеген жерлерімізді біріміз толықтырып отырдық. Шын мәнінде біздің осылай жарыстарға қатысып, өз білімдерімізді жетілдіріп жүруіміздің өзі тәуелсіз еліміздің, бейбіт мемлекетіміздің барлығының арқасы деуге болады. Барша жеңспаздарды құттықтаймын және олардың алдағы уақыттағы жетістіктерге жетуіне сәттілік тілеймін,–дейді футзалдан команда капитаны Бекарыс Нұрмақов.

Ал жарыс жеңімпаздарын қарсы алып, кездесу өткізген университет ректоры Ерлан Сыдықов спортшы жастарға ақ жол тілеп, бұдан да биік жетістіктерге жетуіне сенімді екенін білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button