Елорда тынысы

Астаналықтар Олимпиада ойындарын паркте тікелей эфирде тамашалай алады

Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де Орталық саябақтағы «Қазақстан күні» монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button