Елорда тынысы
Елорданың бірінші автобус паркі 100 көлікпен толығады
Астанадағы № 1 автобус паркі күніне 400-450 мың жолаушыны тасымалдайды. Енді парк 100 көлікпен толығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Біздің паркте 1035 автобус бар, қыркүйекте тағы 100 автобус сатып алмақпыз. Күнделікті 750-800 автобус жолға шығып, 400-450 мың жолаушыны тасымалдаймыз. Былтырға қарағанда қоғамдық көлік жолаушыларының саны артып отыр. Келесі жылы тағы 300 шақты автобус алу жоспарда бар», — деді № 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов баспасөз туры барысында.
Сондай-ақ, автобус паркінің басшысы қоғамдық көлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.
Айта кетсек, биыл № 1 автобус паркіне 50 жыл толды. Ол — 1974 жылы құрылған қаладағы ең алғашқы әрі ең үлкен автобус паркі.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform