Мәдениет

Елорданың «Еңлікгүлі»

Жуырда Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл-2022» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Биыл жетінші рет өткен марапаттау салтанатында М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы Светлана Фортуна «Жылдың үздік актрисасы» аталымында топ жарды. Ол елордадан аталмыш жүлдеге іліккен жалғыз әртіс болды.

[smartslider3 slider=3306]

 

Светлана «Өмірде не жетпейді?» және «Махаббат отына шарпылған 8 әйел» спектакльдерінде сомдаған бейнелер үшін «Еңлікгүлді» иеленді. Қырғызстанда туып, Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын бітірген актрисаның елорданың байырғы театрына қабылданғанына биыл 20 жыл толғанын айта кету керек. М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан еңбек жолын бастаған ол бүгінге дейін аталмыш өнер ошағына адал болып келе жатыр. Осы уақыт аралығында актриса осы театрда 40-қа тарта рөлде ойнады. Соның ішінде М.Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» қойылымындағы және Л.Толстойдың шығармасы желісімен қойылған «Анна Каренина» спектакліндегі бас кейіпкерлердің бейнелері көрер­мен есінде ерекше сақталады.

Светлана Фортуна, театрдан бөлек, бірнеше кинода да ойнады. Атап айтқанда, «Астанада тоғысу» және «АЛЖИР. Қармен жуылған қан» фильмдерінде кейіпкерлерді сомдады.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button