Қала тіршілігі

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Ауа райының өзгеруіне байланысты қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Бүгін қар жинау жұмыстары таңғы сағат 8-ден бастап жүргізілуде, барлық аудандардың аумағында 211 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 335 адам тартылды.

c-1

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, 12 қазаннан 9 қарашаға дейінгі аралықта қаланың барлық аудандарында көктайғаққа қарсы реагент қолданылды (1852,5 т. м құм-тұз қоспасы, 389,90 тонна «Айсмелт» реагенті себілді, 7229 т. м қар шығарылды).

Синоптиктердің болжамынша, бүгін күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 914 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Күндіз 13°С суық болады.

Ертең, 11 қараша күні көшпелі бұлт шығып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз -2-4°С суық болады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button