Мәдениет

Елорданың символын аралады

Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаев Астанаға сапары барысында елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументіне барды. Қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов мәртебелі мейманға естелік сыйлықтарды, соның ішінде Астана туралы кітапты тапсырды.

Жалпы Қазақстан мен Якутияның әдеби-мәдени байланысы жақсы дамыған. Саха елінде өтіп тұратын «Үлкен қардың игілігі» атты халықаралық поэзия фестиваліне қазақ ақындары тұрақты қатысып тұрады. Атап айтқанда, аталмыш фес­тивальге әр жылдары Тұрсынай Оразбаева, Танагөз Толқынқызы, Саят Қамшыгер, Құралай Омар, Дәулеткерей Кәпұлы қатысты.

Ал өткен жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан қазақ тілінде «Саха поэзиясының антологиясы» кітабы мен Саха жазушысы Николай Лугиновтың «Шыңғыс хан әмірімен» романы жарық көріп, таныстырылымы өтті. Антология Қазақстан Жазушылар одағы мен Якутия Жазушылар одағының ынтымақтастығы аясында шықты. Оған енген өлеңдерді бір топ қазақ ақындары аударды. Ал романды белгілі жазушы, драматург, аудармашы Өтен Ахмет тәржімалады.

Ал бірнеше жыл бұрын «Қазақфильм» мен «Сахафильмнің» бірлескен жобасы «Солтүстіктегі аңшылық» көркем фильмі түсірілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button