Ел тынысы

Елорданың спорт басқармасы «Ұлттық сезім» флешмобын қолдады

Астанада «Ұлттық сезім» жалпыұлттық флешмобына атсалысып жатқан ұжымдар қатары артуда. Қолдаушылар қатарына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекемелер де қосылды. Олар енді алдағы уақытта жұмысқа ұлттық киім киіп, қазақы әшекей-бұйымдарын тағып жүретіндерін жеткізді, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz

Желтоқсан айында басталған бастамаға кез-келген адам қатыса алады. Нақты шектеу жоқ. Бар болғаны қатысушылар фотосуреттері мен бейнелерін #ұлттықсезім #ношунациональное #ұлттықкиімкием хэштегтері арқылы жүктеп, жобаның ресми @ulttyqsezim.kz Instagram парақшасын белгілеп, әр аптаның жұма күнінде ұжымдағылар ұлттық киім кию үрдісін сақтаса жеткілікті.

«Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен, ұлттық киімді дәріптеуді мақсат еткен «Ұлттық сезім» жобасы еліміздің барлық аймағында кеңінен қолдауға ие болды. Ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тарихы арқылы қазақы бұйымды брендке айналдыруға түрлі саланың мамандары үлес қосып жатыр. Өз кезегімізде біздің қызметкерлер де және басқармаға қарасты мекемелер «дүйсенбіден -жұмаға» дейін деген ниетпен бастамасын бастап, аптаның жұмасын ұлттық дресс-код күні деп жарияладық. Бастама қазақ мәдениетін насихаттауға, халықты біртұтас коғамдастықтың бөлігі болуға және ұлттық бірегейлікті жандандыруға өз үлесін қосуға шабыттандырады»,- дейді қалалық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Корбозов.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлттық сезім» флешмобы аясында ұлттық құндылықтың мәнін арттыруға қалалық басқармаларды шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button