ЖаңалықтарҚала мен Сала

Елорданың цифрлық сыңары

Нұр-Сұлтан қаласында «Smart City» тұжырымдамасы аясында цифрландыру жобалары сәтті жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында қоғамдық тәртіп пен жол жүру ережесінің сақталуын қамтамасыз ету үшін «Сергек» камералары көптеп орнатылады. Сондай-ақ құрылыс нысандарын жобалау кезінде пайдаланылатын қаланың «цифрлық егізі» геопорталы іске қосылмақ.
[smartslider3 slider=155] Қазір елорда көшелеріне жыл сайын 6-7 мың «Сергек» камерасы орнатылады. Бейнебақылау камераларының көбеюі қаладағы қылмыс пен жол-көлік оқиғасын азайтуға негіз болған. Атап айтқанда, «Сергек» жүйесі орнатылғалы қылмыс 30 пайызға, ал жол апатынан болатын кісі өлімі 60 пайызға төмендеген.
Сонымен бірге қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Нұр-Сұлтан қаласының геоақпараттық орталығы» жобасымен жұмыс істеуді қолға алды. Кәсіби мамандар арасында қаланың «цифрлық егізі» атауын алған онлайн-карта құрылысты жобалаушылар мен сәулетшілер үшін таптырмас қосымшаға айналғалы тұр. Бұл қосымша арқылы құрылысты жобалаушылар ғимарат орналасатын аумақты және оның болашақ кескін-келбетін онлайн режимде көріп, өз жобасына тиісті түзетулер мен өзгерістер енгізе алады. Сонымен қатар жерге орналастыру саласында мемлекеттік мекемелер де картаның көмегімен қаланың жекелеген бөліктеріне қатысты мәліметтермен кеңседе отырып-ақ танысу мүмкіндігіне ие болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button