Басты ақпарат

Елорданың туристік әлеуеті артып келеді

Нұр-Сұлтан қаласы ауқымды әлемдік шаралар мен көрмелер өткізетін іскерлік орталық ретіндегі әлеуетін арттырып келе жатыр. Елорданы Орталық Азияның ірі оқиғалары ұйымдас­тырылатын іскерлік хабы ретінде таныту мақсатында беделді әлемдік ұйымдарға әртүрлі үлкен шараларды өткізуге өтінімдер беріліп жатыр. 2021 жылы сондай 10 өтінім берілді.

[smartslider3 slider=3202]

Соның ішінде Нұр-Сұлтан 2023 жылы  INQAAHE конференциясын өткізу мәртебесін иеленді.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, мұндай шаралар 2 мыңнан астам делегатты тартып, бас қала экономикасына 2 млн АҚШ долларынан аса табыс әкеледі. Бұл табыс ғимараттарды жалға беру мен безендіру, техникалық мамандар мен аудармашылардың қызметі арқылы түсіп, 100-ден 200-ге дейін жұмыс орындарының сақталуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар қаланың танымалдығын арттыру және туристік әлеуетін дамыту мақсатында халықаралық қауымдастықтарға, корпорацияларға, ірі байерлерге, шараларды ұйымдастырушыларға таныстыру турлары ұйымдастырылып жатыр. Мұнда көліктердің, қонақүйлердің, жергілікті демалыс, тарихи және танымал орындардың, астана ажарын айшықтайтын жерлердің қолжетімділігін таныстырудан бастап, бизнес жүргізудің тиімділігі қамтылады.

Осы уақытқа дейін таныстыру турларына туризм саласындағы 20-дан астам шетелдік компания өкілдері қатысып, Нұр-Сұлтан қаласын халықаралық деңгейде танымал ету үшін өзара ынтымақтастық жөнінде 6 меморандумға қол қойылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button