Жаңалықтар

Елорданың веложолдары ұзарады

Бүгінгі таңда Астана қаласындағы веложолдар 4 шақырымды құрайды. Ал 2014 жылдан бастап веложолдар ұзара бермек.

– Астанада «ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесі қарсаңында 50 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі. Осы орайда » Қазір біз Үкімет тапсырмасы бойынша  веложол құрылысы мен инфрақұрылымын дамыту бойынша таныстырылым дайындап жатырмыз. Әзірге Астана қаласында құрылыстың 3 кезеңі жопарланып отыр. Бірінші кезеңде 50 шақырымдық веложол салынады» деп мәлім етті ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев.

Веложолдар қаланың негізгі жолдары бойынша да, көрмеге апаратын жолдарда, сонымен қатар көрме аумағында да салынбақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button