Жаңалықтар

Елорданың жаһандану жолдары

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті отырысында алдағы үш жылға арналған бюджет жоспары мен 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму мәселесі қаралды.Тұрақты комиссияның отырысында Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қайсар Манқараев баяндамасында айтылған көрсеткіштерге сүйенсек, бұрын бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша өзгерістер енгізілді. Жұмыспен қамту және әлеумет­тік қорғау басқармасына қосымша 234,8 млн теңге, тұрғын үйлердің жылу энергиясы мен ыстық сумен жабдықталуына 60 млн теңге, білім басқармасына қосымша 2 млрд 91 млн теңге қарастырылған. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 32,8 млн теңге, спорт басқармасына 484,9 млн теңге, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция басқармасына қосымша 477,8 млн теңге қарастыру ұсынылды.
Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық жобасы талқыланды. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау бас­­қармасы басшысы Қайсар ­Манқараевтың баяндауынша, шаһардың ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеуде халық­аралық сарапшылар тартылды. Яғни, жобаны зерттеумен және әзірлеумен «Астана Халық­аралық ғылыми кешені» мекемесінің нақты-қабілет орталығы айналысты. Ең сенімді деректерді алу үшін зерттеушілер халық арасында сауалнама жүргізіп, дөңгелек үстелдер өткізіп, түрлі сарапшылармен сұхбат жүргізді. Елорданы жаһандық қалаға айналдырудың үш кезеңі әзірленді: 2020-2025 жылдан бастап-өмір сүру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады. Соның нәтижесінде қалада өмір сүруге қолайлы орта пайда болады. 2025-2030 жылдары жаңа салаларды дамытуға және экономика құрылымын өзгертуге назар аудару қажет. Осының әсерінен бәсекеге қабілетті және тұрақты өсіп келе жатқан қалаға айналады. 2050 жылға дейін шаһардың халық­аралық маңызының өсуі барынша ықпалдастырылған қалаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button