Елорда тынысы

Елтаңба авторымен кездесті

Есіл ауданы әкімдігінде рәміздердің 30 жылдығына орай елтаңбамыздың авторы ­Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті.

[smartslider3 slider=3160]

Жиынды Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев жүргізді. Кездесуге мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлы рәміз туралы ойын ортаға салды. Қонақтар елтаңба авторына сұрақ қойды. Автор оның жасалу барысы жайлы айтып берді.

«Елтаңбада қазақ халқының өз мәдениеті, дәстүрі бар екенін айтқым келді. Өйткені бертінге дейін қазақ көшпелі халық, мәдениеті жоқ дегенді жиі еститінбіз. Сондықтан бұл жұмыс намыстан туған» деді ол.

Кездесу соңында Асылбек Есенбаев көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатын салтанатты түрде табыстады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button