Ел тынысы

Елтаңба авторымен кездесті

Тәуелсіздік сарайында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тіл және рәміз – тәуелсіздік жаршысы» шарасы аясында Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлының жастармен кездесуін ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3136]

Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталған шараны Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ашып, көпшілікке шараның мақсатын баяндап, мереке аясында қала бойынша атқарылатын іс-шаралар бойынша ақпарат берді.

Жиынның құрметті қонағы Мемлекеттік елтаңбаның авторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібекұлы елтаңбаның жасалу тарихы мен терең мән-мағынасын таныстырды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік нышаны ретіндегі қадір-қасиеті, мәртебесі жайлы айтып, ел тарихынан тағылымды мағлұмат берді.

Мемлекеттік рәміздердің зерттелуі, жасалу технологиясы жайында Ұлттық геральдика зерттеулер орталығының директоры Асылбек ­Баяжұма тың деректер айтты. Рәміздерді құрметтеу жайлы жастарға жігерлі сөздерін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button