Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕМХАНА ЖҰМЫСЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

4 поликлиника

Елордада №4 қалалық емхана бұған дейін №8 емхана қызмет көрсетіп келген аумақта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Жаңа емханалардың ашылуына және қызмет көрсету шекарасының өзгеруіне байланысты бұған дейін №8 емхана қызмет көрсетіп келген аумаққа жаңа мекенжайда қызмет көрсетілетін болады. Атап айтқанда, Республика даңғылы 2/1 – Рес­публика даңғылы 18, Кенесары көшесі 42 – Кенесары көшесі 50, Уәлиханов көшесі 1 – Уәлиханов көшесі 9, Бараев көшесі 1 – Бараев көшесі 25 үй тұрғындарына, яғни, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер бөлімдерінің номерлері 81-88 учаскелеріне бұдан енді Шевченко көшесі, 1 ғимаратында орналасқан №4 қалалық емханада медициналық қызмет көрсетіледі.

Биылғы 10 ақпаннан бастап 188-көше, 8 үйде №10 қалалық емхана­ның ғимаратын кезең-кезеңмен пайдалануға беруге байланысты жалпы тәжірибедегі дәрігерлер №4 және №5 қалалық емханалар учаскесінің тұрғындарын қабылдай бастады. Атап айтқанда, №4 қалалық емхананың 14, 15, 16, 25, 26, 28, 31, 32 және №5 қалалық емхананың 51, 53, 54, 52, 55, 56 учаскелерінің тұрғындары №10 емханада қаралады.

Емханаларда тұрғын­дарды қабылдауға байланысты орын алып жатқан бұл өзгерістер медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеруге және емделушілерді қабылдауды жеңілдету үшін жасалуда.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button