Қала тіршілігі

Емханадағы ерекше күн

Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында №3 қалалық емхананың ұжымында мерекелiк шара өттi.

Бұл күнi дәрiгерлер емделушiлерге медициналық көмек көрсетiп қана қоймай, қазақтың ұлттық киiмдерiн киiп, салт-дәстүрлерiмiздi дәрiптедi. Осыған орай, емдеу мекемесiндегi терапия, әскери комиссия, педиатрия, мамандандырылған және клиникалық-зертханалық бөлiмшелердiң қызметкерлерi өзара өнер сайыстырды. Олар сырға салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, бесiкке салу, тұсаукесер дәстүрлерiн дәрiптедi. Әсiресе, Нина Васильеваның орындауындағы халық биi «Қамажай» көрермендер көңiлiнен шықты. Сондай-ақ жиналғандар Гүлнар Төлеухан, Бәтима Әбiлдинова, Күлжан Жұманова, Ермек Ержанов және Күләш Есжанова сынды дәрiгерлердiң өнерiне тәнтi болды.
«Наурыз бүгiнде нағыз халықтық мерекеге айналды. Оны отбасымызда ғана емес, ұжымда да атап өту мақсатымен емханада Наурыз тойын өткiзудi қолға алған едiк. Қызметкерлер де бар өнерлерiн салып, наурыз нақыштарын ән-бимен әрлендiрiп, қызықты бағдарламаларымен қуантуда. Осының өзi көктемнiң, жаңа жылдың келгенiн ескерткендей»,-дейдi №3 емхананың бас дәрiгерi Қорлан Қабдырова.
Гүлнар МОЛДАҒАЛИЕВА,
№3 қалалық емхана бас дәрiгерiнiң орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button