Мәдениет

Емханадағы оқырман отауы

Шілде айының басында елордадағы №8 қалалық емханада «Кітап оқы, оқырман!» шарасы басталды. Жобаның бастамашысы – Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. Басты мақсат – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және насихаттау.

[smartslider3 slider=3518]

– Шара аясында біз Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп, BookCrossing сөрелері бар кітап шкафын ұйымдастырдық. Әртүрлі жастағы балаларға арналған алуан түрлі тақырыпты қамтитын кітаптар сыйға тартылды. Сондықтан кішкентай оқырмандар кітапхана қорынан міндетті түрде өзіне ұнайтын кітап таба алады, – дейді №8 қалалық емхананың оңалту бөлімінің аға медбикесі Мәдина Қалжанова.

Кітапханашылар әдебиеттің бірнеше топтамасын дайындады. Олардың арасында детективтер, әйелдерге арналған романдар, фантастика, классиктердің шығармалары және өлеңдер де бар. Бұл – елорда тұрғындары өздерінің жеке кітапханаларынан сыйға тартқан кітаптар. Кітап сөрелері оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын сақтау мақсатында әртүрлі әдебиеттермен үнемі толығып отырады.

Кітап шкафы А.Иманов көшесі, 44, 10-ғимарат мекенжайында №8 қалалық емханасында орналасқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button