ДенсаулықЖаңалықтар

Емханаға еркін тіркелесіз

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау бойынша бекіту науқаны басталды.

[smartslider3 slider=539]

Тұрғындарды емханаларға тіркеу 15 қарашаға дейін жалғасады.
Бүгінде елорда тұрғындарына медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсету үшін 36 медициналық ұйымға тіркелуге мүмкіндік беріледі. Олардың ішінде 18 мемлекеттік және 18 жекеменшік нысаны бар.
Емханаға тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Маманды еркін таңдау учаскедегі бекітілген халықтың санын ескере отырып, тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. Егер емхана шамадан тыс жүктелген болса, осы МСАК ұйымына бекітілген қызмет көрсету аймағында тұрмайтын азаматқа бас тартылады. Қолданыстағы нормативтер бойынша учаскеде жалпы практика дәрігерінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
Тіркеу науқаны ӘМСҚ дерекқорында тіркелген медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Қолжетімді емханалардың тізімімен www.fms.kz қор сайтындағы «емхананы таңдау» бөлімінен білуге болады.
2021 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда 1 266 190 адам тіркелген.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button