Денсаулық

Емханаға – жаңа аппарат

№4 қалалық емханаға ангиографиясы бар жаңа компьютерлік томография аппараты алынды. Кардиопакеті бар заманауи жабдық жүрек-қан тамырлары жүйесіне толық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

[smartslider3 slider=260]

Кардио компьютерлік томографияның артықшылығы – инвазиялық емес әдістер арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау мүмкіндігі.
– Пандемия диагностикалық жабдықтар медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауруларды анықтауда көмекші құрал екенін көрсетті, ол медициналық көмек көрсету сапасын жақсартады. Сонымен байланысты қала әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе осындай жоғары технологиялы аппаратпен тек қала ауруханаларын ғана емес, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын жабдықтауға шешім қабылдады. Қалалықтардың жайлылығы үшін қаланың барлық аудандарындағы медицина мекемелеріне алып беруді жоспарлап отырмыз, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емхананы аралау барысында.
Жаңа КТ аппарат арқылы диагностикадан тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және тек қана дәрігердің жолдауымен елорда тұрғындары тегін өте алады. Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін аталған жабдықпен диагностикалау үшін емханада басты кіреберістен басқа жағынан есік ашылған. Басқарма өкілдерінің мәліметінше, тағы осындай 3 КТ аппарат алынбақ, олардың екеуі қала емханаларына, біреуі ауруханаға беріледі. Былтыр қала бойынша осындай екі жабдық сатып алынған еді. Сонымен қатар бұған дейін флюорографиялық тексеру бойынша 2 цифрлы жылжымалы кешен, 6 рентген аппараты, 2 КТ-ға қол жеткізілген болатын.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button