Елорда тынысы

Емханалар күрделі жөндеуден өтуде

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан ­Каналимов бастаған мәслихат депутаттары елордада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар емханаларды аралады.

Депутаттар, ең алдымен, денсаулық сақтау қызметкерлеріне арнап А 103 көшесінде салынып жатқан жатақхана құрылысымен танысты. 9 қабатты жатақханадан дәрігерлерге 303 пәтер берілмек. Олардың 158-і – бір бөлмелі, 145-і – 2 бөлмелі пәтер. Бұдан соң олар №8 қалалық емханаға барып, ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрді. Жоспар бойынша мұндағы жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Емхананың ересектер корпусының ғимараты 2007 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Ғимарат – төрт қабатты, П пішіні тәріздес. Оның жалпы ауданы – 3995,9 шаршы метр, ал ғимарат учаскесінің ауданы 1,023 га-ны құрайды. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, 2021 жылы  ғимараттың тозу коэффициенті 1%-ды құраған. Емханада желдету, ауаны баптау, электр жарығы, бейнебақылау және автоматты өрт дабылы жүйелерін ауыстыру ұсынылды. Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры мен кіреберістеріндегі жұмыс­тар толығымен аяқталды. Қасбеті, терезелері, витраждары, кәріздері, стяжкалары бойынша және абаттандыру жұмыстары аяқталды. Желдету және ауаны баптау, ішкі әрлеу, электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Содан кейін депутаттар мен мәслихат хатшысы №1 қалалық емханаға барып, ғимаратты реконструкциялау жұмыстарының орындалу барысымен танысты. «Елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында жөндеу жұмыстары мен қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға мәслихат қаражат бөлуді қолдаған еді. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Келер жылдың соңына дейін елордадағы 10 медициналық мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button