Денсаулық

Емханаларда – ашық есік күні

Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай елорда емханалары бейінді мамандарды тарта отырып ашық есік күнін өткізді. Келушілер қан қысымын, дене салмағының индексін өлшеп, холестерин мен қандағы қант деңгейін тексерді.

[smartslider3 slider=730]

Ашық есік күні аясында «Инсульттің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Мамандардың айтуынша, инсульттің пайда болуы мидағы қан айналымының бұзылуымен байланысты болады, бұл өз кезегінде қанның ұюы немесе қан тамырларының жарылуына әкеледі. «Инсульттің типтік белгілері – аяқ-қолдың кенеттен әлсізденуі, бұл көбіне дененің бір жағында байқалады. Бет ұйып қалуы мүмкін, сөзді қабылдау қиындайды, пациенттің сөйлеуі түсініксіз болады» дейді №15 емхананың дәрігері Гюзель Егінбай.

Ал №6 емхананың кардиологы Жанар Алтынбекова адамның денсаулығы мен өмірін сақтау инсульт белгілерін уақытылы анықтауға байланысты болатынын айтты. Инсультті анықтайтын қарапайым тест бойынша адамнан күлуін сұрау қажет. Егер адамның күлкісі жасанды көрініп, бір жағымен ғана күлсе, инсульт бар деген сөз. Сонымен қатар адамнан көздерін жұмып, қолдарын 10 секунд көтеріп тұруын сұраңыз. Инсульт кезінде бұлшық ет әлсіреп, адам қолдарын тіпті 10 секунд та көтере алмайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button