Жаңалықтар

Емханаларды жалғайтын көпір

Елордада «UMC» корпоративтік қорына қарасты емхананың екі ғимарат арасын жалғайтын алтын өткел ашылды. Тәуелсіз­діктің 30 жылдығы қарсаңында лентасы қиылған көпір емделушілерге уақыт пен күшті үнемдеуге мүмкіндік береді.

[smartslider3 slider=1523]

Аталған қорға қарасты екі ғимарат: Республикалық диагностикалық орталық пен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының пациенттері бұдан былай осы емханаларға кіру үшін далаға шығып әуре болмайды. Пациенттерге қолайлы болу үшін екі ғимараттың арасын жалғайтын жаңа өткел салынды. Себебі кейде ауыр жағдайдағы пациенттерге шұғыл диагностика жасау үшін көрші ғимаратқа тасып жүру де оңай болмайды екен.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында игі істің куәсі болып отырмыз. Көптеген жылдан бері қызметкерлеріміз қолайсыздықты сезінген еді. Ең бастысы, біздің кішкентай емделушілерімізге ыңғайлы болуын ойластырдық» дейді қордың басқарма төрағасы Юрий Пя.

Екі үлкен орталықтың ортасын қосатын көпір еліміздің түкпір-түкпірінен келген емге зәру жандарға жасалған жағдай деп түсінуге болады.

«Қос ғимараттың ортасында жүрудің өзі осы уақытқа дейін біраз қиындық тудырған болатын. Өздеріңізге белгілі, бұл жерге республиканың әр өңірінен емге зәру жандар келіп емделеді. Сырқат адамдарға бұл жай ғана көпір емес, үлкен екі орталықтың ұжымын бірге қосатын өткелге айналатынына сенім мол» деді қордың ішкі медицина департаментінің директоры Алтай Нәбиев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button