Елорда тынысы

Емханаларға тіркелу науқаны жүргізіліп жатыр

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына халықты бекіту науқаны басталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Емханаларға еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы акция 1 қарашаға дейін жалғасады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің негізгі қағидаты – аумақтық қолжетімділік. Тұрғындарға әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде емханаларға тіркелу ұсынылады. Қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер көмек көрсетіп, пациенттерді үйде бақылап отыруы үшін азаматтардың тұрақты тұратын жерінде орналасқан емхананы таңдау қажет.

Азаматтардың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Тіркеу кезінде egov.kz электрондық үкімет кабинетіне кіру жеткілікті. ЭЦҚ талап етілмейді. Бұл зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, сондай-ақ қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туған балаларға және сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдарға, соның ішінде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша шарт болған кезде.

Пациент қызметтер пакетін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ала бастайды, яғни 31 желтоқсанға дейін қызмет көрсету бұрын тіркелген емханада жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button