ДенсаулықЖаңалықтар

Емін елордадан табады

Нұр-Сұлтан медицина ордасына айналады. Бүгінде осы бағытта 6 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев ElOrda YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

[smartslider3 slider=724]

«Халықаралық JCI сертификатын алған 7 медициналық ұйым бар. Яғни олар әлемдік стандартқа сай қызмет көрсететін орталықтар қатарында. Әсіресе стоматология өте жақсы дамыған. Оны шетелдіктердің өзі де мойындайды. Астанада жұмыс істеп жүріп тісін емдетеді. Біріншіден, арзан, екіншіден, сапалы және қолжетімді. Келесі – кардиохирургия орталығынан Юрий Пяны әлем мойындайды, өте мықты маман. Қазақстанға сол сияқты білікті дәрігерлерді шетелдіктер арнайы іздеп келеді. Медициналық туризмді дамыту үшін әкімдік тарапынан қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз жұмыс істеп, инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Бүгінде медициналық туризм бойынша 6 жоба жүзеге асуда. Бәсекені арттыру арқылы бұл саланы да дамытамыз» деді Е.Балтаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button