Енді Астанадағы ағаштар есепке алынады

Ал қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл жайында Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстыру кезінде Жеңіс Қасымбек айтты.
Қала әкімі биыл Астанада 1 млн-нан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын жеткізді. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отыр.
Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.