Қоғам

Энергетикалық тәуелділік мәселесін шешу жолы

 Әлемдік экономиканы атом энергетикасынсыз елестету мүмкін емес. Жер бетінде өндірілетін барлық электр энергиясының оннан бірі атом электр станцияларында шығарылады. Бүгінде әлемнің 31 елінде 192 атом электр станциялары жұмыс істесе, солардың бәріндегі энергоблоктар саны 451 дананы құрайды. Ядролық энергия көлемі жағынан шығарындылары төмен электр энергиясы өндірісінің көзіне жатады. Ол әсіресе төмен көмір сутекті болып саналады.

Атом энергетикасының артықшылықтары өте көп. Соның негізгісі – жоғары тиімділігі және жылу электр станцияларына қарағанда ауаға тасталатын зиянды қалдықтарының жоқтығы. Алайда басты үлкен кемшіліктері де жоқ емес. Егер атом электр станциясында апат бола қалса ядролық отыннан бөлініп шығатын заттар сол маңдағы жер аумағының біраз бөлігін жарамсыз етіп тастауы мүмкін. Тағы бір кемшілігі – өңделген ядролық отынды сақтау мен қайта өңдеу проблемасы.

Урбанизация процесі 2050 жылға қарай әлем халқының шамамен үштен екісінің қалалық жерлерде өмір сүруіне әкелетінін көрсетуде. Сондықтан зиянды парниктік газдар шығарындыларын азайта отырып, энергияға деген жылдам өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру міндеті маңызды. 2023 жылы энергиямен байланысты көмірқышқыл газының (CO2) жаһандық шығарындылары 37,4 гигатонға дейін өсті, бұл рекордтық ең жоғары көрсеткіш және 2000 жылдың жалпы көрсеткішінен 60 пайыздан астам (23,2 гигатонна).

Атом энергиясы-шығарындылары төмен электр энергиясын өндірудің гидроэнергетикадан кейінгі екінші үлкен көзі. Ол әсіресе төмен көміртекті болып саналады. Сондықтан елімізде Атом электр станциясын салу қажеттілігі – уақыт талабы және бізді энергетикалық тәуелділік мәселесімізді шешетін басты жол деп санаймын.

Алмагүл Мергалимова,

 С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ жылу

энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, Phd

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button