#Жаңа Қазақстан

Ең бірінші дауыс берген – зейнеткер

Елордадағы 130 сайлау учаскесінде ең бірінші болып зейнеткер дауыс берді. Зейнеткер бірінші болып дауыс беру үшін учаске ашылмай тұрып келген 130 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік әнұран ойнап, мұндағы комиссия төрайымы Бұлғын Ғабдуллина сөз сөйлеп ашты.

Ал 70 жастағы елордалық зейнеткер таңмен таласа сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, мұнда учаске ашылмай тұрып келген.
«Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ел болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді», – деді зейнеткер.

Дауыс беруге алғашқының бірі болып келген тұрғынға 130 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы арнайы сыйлық табыстап, сайлаушының мерейін өсірді.

-Жалпы № 130 сайлау учаскесінде 1979 сайлаушы бар, оның 38-і – 18 жаста, яғни, бірінші рет дауыс беретіндер, 1 адамнан үйден дауыс  беруге өтініш түскен. Мұнда 12 байқаушы дауыс беру процесін бақылайды, оның 3-еуі шетелдік, – деді 130 сайлау учаскесінің төрайымы Бұлғын Ғабдуллина.

Аяулым Серікқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button